Иран мен Израильден 296 отандасымыз эвакуацияланды.c
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, Израильден қазақстандықтар Мысырға автобуспен жеткізіліп, кейін елге ұшақпен тасымалданды. Ал Ираннан Әзербайжан, Түркіменстан және Армения елдері арқылы шығарылған. Қазір Иранда 50 шақты отандасымыз қалып отыр. Оның жартысынан көбі дипломаттар. Ал Израильде шамамен 170 қазақстандық бар. Оларға елшілік қол ұшын созуға дайын, деді министрлік өкілі.
Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:
- Қазіргі таңда біз Ираннан 230 адам және Израилден 66 адам эвакуацияладық. Ол процесс өте қиын болды. Таяу Шығыстың басқа елдеріне туристік мақсатпен бара жатқан азаматтарға айтатынымыз бір: келешекте, осы күннен бастап ойланыңыздар ол жаққа бару қажет пе, қажет емес пе?! Өйткені ертең жағдай қиын боп кетсе, бізде де біраз қиыншылық туындайды.