What are you looking for?

Қазақстанда цифрлық және ЖИ инфрақұрылымдары дамытылады

24.06.2025

Президент инвесторларға CryptoCity аймағын құру туралы жоспарымен бөлісті. Бұл жаңа жоба. Онда тауар сатып алып, қызметтер мен басқа да мақсаттарға төлем жүргізу үшін криптовалюта пайдаланылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы халықаралық серіктестерді цифрлық және жасанды интеллект инфрақұрылымдарын дамыту бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Осы салада елдің жетістігі көп. БҰҰ рейтингінде цифрландыру бойынша көшбасшы 30 мемлекеттің санатына кіреді. 2018 жылдан бері финтех-компаниялар саны 4 есе артып, криптобиржалар мен төлем жүйелерін қосқанда «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялар саны 4 мыңнан асты. Аталған орган Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша Жаһандық қаржы орталықтары индексінде бірінші орында. Ал жасыл және цифрлық қаржы бойынша өңірде көшбасшы саналады. Елдегі транзакциялардың 89%-і қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Соңғы 4 жылда мобильді банкингті қолдану 460% өскен.

Social Link

Follow Me On Social Media