What are you looking for?

Премьер-министр инвесторлармен кездесті

24.06.2025

Премьер-министр шетелдік компаниялар мен ірі қаржы ұйымдары басшыларымен кездесу өткізді.

Павлодар облысында гидрометаллургия комбинатын салу жобасы талқыланды. Онда 300 мың тонна алтыны бар концентратты қайта өңдеп, жылына шамамен 15 тонна алтын шығаруға болады. 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Жобаға 970 млн.нан аса доллар қажет. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстанда Сырымбет қалайы кен орнында және Қостанай өңіріндегі Тоқтар алтын кенішінде өндіріс қуатын жаңғырту және арттыру жоспарланаған. Ал Варварин кен орнында күн және газ поршеньді станциялары мен газ тарату инфрақұрылымымен энергетикалық кластер құру үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір Қызылорда облысында Хорасан уран кен орнын игеру және күкірт қышқылы зауыты салынып жатыр. Бұған қоса шетелдік компания көмірқышқыл газ қалдықтарын азайту әрі декарбонизациялау ісін зерттемек. Тағы бір инвестормен елдің авиация саласын одан әрі дамыту әлеуеті сөз болды. Әңгіме Алматы халықаралық әуежайына қатысты. 2030 жылға дейін ұшу-қону жолағы, параллельді рулеж жолдары және жүк рейстеріне арналған перрон салуға бейілдігін білдірді. Сосын IT-жүйелерді жетілдіріп дамытуға, көлік тұрағы мен қонақ үй салуға 360 млн.нан астам доллар инвестиция құймақ. Олжас Бектенов Азия даму банкінің нарықтық шешімдер жөніндегі вице-президенті Бхаргав Дасгуптамен де кездесті. 20 жылда аталған қаржы институты Қазақстан экономикасына 7 млрд.тан аса доллар жұмсады. Қазір оның қоржынында 1 млрд доллардың 9 жобасы бар.

Social Link

Follow Me On Social Media