Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округіне қалың қар жауып, бірқатар аудан оқшауланып қалды.
Жол-көлік қатынасы қиындады. Көліктер жолда тұрып қалып, оларды құтқаруға арнайы топ жіберілді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда шектеулер енгізілді. Қазір тас жолдарды қалың қардан тазалау жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр.