What are you looking for?

Атырау облысында «Ауыз су» бағдарламасы аясында 65 ауылға тіршілік нәрі жеткізіледі

27.06.2025

Атырау облысында қолға алынған «Ауыз су» бағдарламасы аясында 65 ауылға тіршілік нәрі жеткізіледі.

Осыдан 2 жыл бұрын басталған «Астрахань-Маңғышылақ» тот басқан су құбырында күрделі жөндеу аяқталды. Нәтижесінде Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының 30-ға тарта елдімекені сапалы ауыз сумен қамтылды. Сондай-ақ биыл облыс орталығында тәулігіне 50 мың текше метр су тазартатын қондырғы іске қосылды. Жоба бойынша 4 ауданда 15 су тазарту қондырғысы қайта жаңғыртылатын болады.

Махамбет ауданы, Өтешқали Атамбаев атындағы ауылға ауыз су құбыры тартылды. 33 жыл бойы тірлік нәрін тасымалдап ішкен елдімекен тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш болды. Кеңестік шаурашылық кезінде ферма орталығы болған ауыл кейін тұрғын саны азаюына байланысты өркениеттен шет қалған еді. Енді мемелкет басшысының тапсырмасымен басталған бағдарлама ауылға екінші өмір сыйлады.

Жанболат Жакупов, Ө. Атамбаев ауылының тұрғыны:

- Жайықтың іргесінде тұрсақ та осы ауыз суды көлікпен таситын едік. Осы 2-3 ай төңірегінде құрылыс жұмыстары жүріп, бүгін таза су ауылымызға келіп жатыр. Біздер өте қуаныштымыз.

Сондай-ақ биыл облыс орталығына тәулігіне 50 мың текше метр су дайындайтын қондырғы іске қосылып, Жайық жағалауының сол жағалауындағы 110 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді. Жоба бойынша Атырау қаласында 35 учаскеде 72 шақырым су құбыры ауыстырылуы тиіс.

Мейірім Қалауи, "Атырау облысы су арнасы" МКМ директоры:

- Бұдан бөлек біз қазіргі таңда 6-су сүзу стансасының жобасын жасақтап жатырмыз. Ол осы жаз айында мемлекеттік сараптамадан өтіп, жылдың аяғына дейін құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Ол тәулігіне 60 мың текше метр су береді.

2023 жылы басталған «Астарахань-Маңғышылақ» топтық су құбырының да құрылысының аяқталуы 30-ға тарта ауылды тірлік нәрімен қамтуға мүмкіндік берді. Ұзындығы 151 шақырым су құбыры жөнделіп, тәуліктік қуаты 110 мың текше метрден 180 мыңға артты. Осылайша облыстың ауыз жүйесі кезең-кезеңімен жаңыртыла бастайды, — дейді мамандар.

Айдулат Кенжебеков, энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Бұл топтық су құбырынан Құрманғазы ауданы бірқатар елді мекендері Исатай ауданы және Жылыой ауданы сумен қамтамасыз етіліп отыр. Мұнан басқа Қызылқоға,Махамбет аудандарында 12 ауылға 116 шақырым болатын жаңа су құбыры жүргізілді. Махамбет және Исатай аудандарында 16 су тазарту қондырғысы жаңғыртылды.

Сондай-ақ Құлсары қаласында да су тазарту қондырғысының құрылысы басталды. Ол іске қосылғанда қосымша 20 мың текше метр таза ауыз дайындалатын болады. Жоба аясында Құрманғазы, Махамбет аудандарында 15 елді мекенге су тазарту ғимараттарын қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Осылайша жыл аяғына дейін облыстағы 67 су тазарту қондырғысының 65-і пайдалануға беріледі.

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Social Link

Follow Me On Social Media