Түркиядағы Измир халықаралық әуежайы жұмысын тоқтатты. Бұған ормандағы өрт себеп. Жергілікті «Миллиет» басылымының хабарлауынша, ұшақтар басқа әуе айлақтарына жіберілген. От Измир, Анталия мен Бурса сияқты бірнеше провинцияда өткен аптада тұтанған еді.
Тілсіз жау жүздеген үйді зақымдады. Өрттің басталу себебі әзірге белгісіз. Жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жеткен жел үлкен кедергі жасап тұр. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.