Францияның оңтүстік-батысында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қызыл жалын 400 гектар жерді тып-типыл еткен. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлады. Олардың айтуынша, алапат өртке ауа райының қатты ысуы себеп. Кейінгі бірнеше күнде сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Қазір билік өртті толық бақылауға алғанымен, тілсіз жау әлі толық сөндірілген жоқ. Өйткені Еуропада аптап толқыны әлі басылмай тұр. Жергілікті метереология қызметінің мәліметіне қарағанда, елдегі 101 департаменттің 84-інде ыстыққа байланысты қауіптің қызғалт сары деңгейі жарияланды.