Балалар арасындағы семіздік 15 пайызға дейін төмендейді. Жаңа оқу жылынан бастап мектептерге жаңартылған мәзір енгізілмек. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі жауапты сала мамандарымен кездесіп, жаңа стандартты енгізу жолын пысықтады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Жаңартылған мәзір бойынша балалардың күнделікті тамағына көкөніс, жеміс, дәнді дақыл, ақуыз және сүт өнімдерін молырақ енгізу көзделген.
Сарапшылардың айтуынша, стандарт талаптарын қатаң сақтау екінші типті қант диабетін 20 пайызға, артерия гипертензиясын 18 пайызға, ал балалар арасындағы семіздік пен басқа да созылмалы ауруларды 15 пайызға дейін азайтуға ықпал етеді.
Өңірлерде ата-аналар, оқушылар мен педагогтер қауымдастығы тарапынан ұсыныстар болған жағдайда мәзір сол ұсынысқа сай немесе белгілі бір өзгеріспен бекітілуі мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!