What are you looking for?

AI-SANA: Астанада ЖИ дамыту мәселесі талқыланды

04.07.2025

Жасанды интеллект дәуірінде Қазақстан қандай рөл атқарады? Astana Hub алаңында отандық IT сарапшылар осы тақырыпты талқылап, ашық пікірталас өткізді, деп хабарлайды 24KZ. AI-SANA деп аталатын митапқа бизнес һәм мемлекеттік орган өкілдері де жиналған.

Мамандардың айтуынша, келекшекте екі сценарий өрбуі мүмкін. Біріншісі, біз шетелдік сервистерді пайдаланып, жазылым үшін ақша төлейміз. Деректерімізді беріп, өзге стандарттарға бейімделеміз немесе ана тіліндегі төл модельдерді іске қосып, стартаптар жасалады. Кейін отандық жасанды интеллект медицина, білім, мемлекеттік қызметке енгізіледі. Қазір осы екінші бағытқа басымдық беріліп отыр. Еліміз жергілікті жасанды интеллектіні дамытқысы келеді. Ол үшін негізгі үш бағыт айқындалды.

Әлібек Айдосұлы, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары:

- Жасанды интеллектіні үш бағытта дамытып жатырмыз. Біріншісі институционалды орта. Екіншісі инфрақұрылым. Үшіншісі адами капитал. Бірінші бағытта осы комитет жасанды интеллектіге арналған мемлекеттік орган құралған. 5 жылға тұжырымдама қабылданды. Жасанды интеллект туралы заң әзірленіп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media