What are you looking for?

Әлемнің бірнеше елі тасқын мен дауылдан зардап шекті

04.07.2025

Әлемнің бірнеше елінде толассыз жауын соңы алапат тасқынға ұласып отыр. Әсіресе Қытайда жағдай қиын. Мексикада да осыған ұқсас жағдайды. Ал Австралияда ондаған мың үй жарықсыз қалған.

Қытайдың Юньнан және Ганьсу провинцияларында төпелеп жауған жаңбырдан су тасып, лай көшіп жатыр. Соның салдарынан 11 жол жабылып қалды. «Си-си-ти-ви» телеарнасының хабарлауынша, қазір құтқару операциялары жалғасып жатыр.

Су деңгейі тез көтеріліп, кейбір елді мекендердің тұрғындары тасқынның ортасында қалған. Дегенмен, қаза тапқандар туралы мәлімет түскен жоқ.

Өткен тәулікте Қытайдың солтүстігі мен батысы да су апатына әзірлікке кірісіп, мыңдаған адамды құтқару жұмыстарына жұмылдырды. Жауын ертең де жалғасуы мүмкін.

Чэнь Цзыцзянь, Хэбэй метеорологиялық обсерваториясы аға инженерінің орынбасары:

Шілденің 4-5-і күндері жауын-шашын болады. Аудандардың көбінде күн күркіреп, әсіресе орталық аймақтарда жаңбыр көп жауады.

Ал Ганьсуда автөліктер жүйіткіп емес, жүзіп жүр деуге болады. Қытайдан Солтүстік Америкаға ойыссақ.

Мексикада да жауын құйып, оның соңы алапат тасқынға ұласты. Елдің орталығындағы Сан-Луис Патоси штатындағы жағдай қиын.

Су апаты «Барри» атты жауындатқан дауылмен жеткен. Құрбандар жайлы ақпарат жеткен жоқ. Бірақ талай көлік суға кетіп, сұрапыл тасқын қоқысты көшеге шығарған.

Оливия Флорес, жергілікті тұрғын:

Бұл қиын жағдай болды. Немере ағам суға кетіп қала жаздады. Одан айрылдық деп ойлаған едім. Бірақ Құдайға шүкір, ағам биік жерге шығып үлгеріп, аман қалыпты.

Австралияның Сиднейінде де кейінгі күндері ауа-райы қолайсыз болып тұр. Мұнда сұрапыл желден ағаштар құлап, электр сымдары үзіліп, 55 әуе рейсі доғарылды.

Метеорологтар «бомба-циклон» деп айдар таққан желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жеткен. Оның екпінінен 35 мыңнан астам үй мен кәсіпорын және өзге де ғимараттар жарықсыз қалды.

Арыстан Рысбек

Social Link

Follow Me On Social Media