What are you looking for?

Қазақстан Черногориядағы бокстан әлем чемпионатында 27 медаль жеңіп алды

10.03.2025

Қоржынымызда 27 медаль. Оның 4-і алтын. Черногорияның Будва қаласында бокстан «Адрия інжуі» деп аталатын халықаралық турнир мәресіне жетті.

Байрақты бәсекенің жастар арасындағы әлем кубогы деген статусы да бар. Сәйкесінше аламанға 21 елдің ең үздік былғары қолғап шеберлері жиналды. Араларынан қазақстандық Нығман Нығмет пен Жасұлан Бердалы барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Қыздар арасында дәл осындай жетістікке Регина Тибенява мен Ақбота Есімбекова жетті. 4 алтыннан бөлек ұлттық құрама өкілдері 11 күміс және 12 қола жеңіп алды. Айта кетейік, былтыр дәл осы Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылып, қазақстандық қыз-жігіттер 6 бірдей алтын жеңіп алған болатын. Бұл отандық бокс тарихындағы өзіндік рекорд. Соның арқасында жалпы командалық есепте бірінші орынға жайғасты.

Social Link

Follow Me On Social Media