What are you looking for?

Таза Қазақстан: Астанада қала кіреберісі қоқыстан тазартылды

31.07.2025

Қала кіреберісінің тынысы ашылды. Бүгін Аманат партиясының мүшелері Қабанбай көшесі бойын тазалады. Тұрмыстық қалдықтарды жинап, жасыл желек айналасындағы құрғақ шөпті жұлды. Есіл-Нұра каналымен қоса, Ұлы дала көшесінде де бүгін тазалық шарасы өтті. Жалпы, партия белсенділері биыл 50-ден астам аумақты қоқыстан арылтты. Игі іске 6 мыңға жуық адам қатысты.

Санира Жүсіпова, «Amanat» партиясы Есіл ауданы филиалының төрағасы:

Мақсат тек қоқыстарды жинау ғана емес. Біз бүгін мокулатура да жинап жатырмыз. Мокулатураның барлық тапсырған қаражаты «Мектепке даярлық» акциясына біздің көпбалалы отбасыларға жіберілетін болады. Локация қалай табылады. Жайдан-жай біз бұл орынға келмейміз. Міндетті түрде барлық жерді әкімшілікпен тексеріс жасаймыз. Сол нәтиже бойынша біз өзімізге белгілі бір аумақты алатын боламыз.

Алдияр Айтбай

Social Link

Follow Me On Social Media