What are you looking for?

Астанада «Балалар әлемі» мектеп жәрмеңкесі басталды

01.08.2025

Жаңа оқу жылы қарсаңында Астанада мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды,деп хабарлайды 24kz.

Әлеуметтік іс-шараға қатысушылар оқушылардың керек-жарағын нарықтан төмен бағада ұсынған. Жәрмеңке үш күнге созылады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын мектеп жәрмеңкесіне ең алдымен отандық тауар өндірушілер тартылған. Мәселен, Петропавлдан келген тігін фабрикасының өнімдеріне қызығушылық жоғары. Мектеп формасын киіп көрмекке кезекке тұрған бала көп. Сондай-ақ мұнда кеңсе тауарларының кең таңдауы ұсынылған.

Әйгерім Жүзбаева, кәсіпкер:

- Бұл жәрмеңкеде ата-аналар келіп, көтерме бағамен ала алады.

- Мәселен, дәптердің құны қанша?

- 23 теңге. Иә, 23 теңгеден сатып жатырмыз.

- Сөмкелердің бағасы қанша?

- Сөмкелердің 5500-ден басталып 15500-ге дейін жетеді.

Дәстүрлі жәрмеңкені «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы жыл сайын ұйымдастырады. Биыл да Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен өткізіп жатыр. Іс-шара кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына арнайы сөмке табысталды.

Гүлжан Нөпірова, «Qazexpocongress» ҰК АҚ баспасөз хатшысы:

- Бүгін мына жәрмеңке аясында 10 балаға 10 сөмке жасақталып отыр. Ол сөмкенің ішінде жаңа оқу жылына барлық керек-жарақтың бәрін қамтып отырмыз. 10 баланың тізімін әкімшілік ұсынып отыр. Ол 10 сөмкені біздің қатысушылар өздері арнайы ниет білдіріп 10 балаға кәдімгідей дайындап берді.

Іс-шараға 50-ден астам кәсіпкер атсалысуға ниет танытыпты. Мектеп жәрмеңкесі EXPO халықаралық көрме орталығында тамыздың үшіне дейін жалғасады.

Авторлары: Бақыт Топтаева, Ақылбек Есімсейіт

Social Link

Follow Me On Social Media