What are you looking for?

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы: жүлде қоры еселене түседі

05.08.2025

Ертең Ұлы Абайдың 180 жылдығы аясында «Өлең сөздің патшасы» атты мүшәйра өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен келген 12 үздік жас ақын қатысады. 7-8 тамызда спорттық марафондар , шығармашылық кештер, республикалық байқаулар жоспарланған. Ал мерейтодағы ең ауқымды іс-шаралар 9-10 тамызда ойшылдың кіндік қаны тамған Қарауылда өтеді. Атап айтсақ, бірнеше кітаптың тұсаукесерінен бастап ғылыми-практикалық конференциялар, ұлттық спорт ойындары мен гала-концерт өтпек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, онкүндіктің соңғы күндері жүлде қоры да ауқымды болмақ.

Олжас Соғымбай, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және Архив ісі басқармасы басшысының орынбасары:

Биыл байқау қатысушыларына ерекше сый ретінде жүлде қорларын жылқы басымен беріп отырмыз. Абай атамыздың ең сүйікті ойыны – тоғызқұмалақ та биыл алғаш рет республикалық турнир ретінде ұйымдастырылды. Ол жерде бас бәйгеге автокөлік тіктік.

Жанел Өтеулі

Social Link

Follow Me On Social Media