Павлодарлық жас суретшілер Абайды заманауи көзқараспен жеткізді.
Арнайы көрмеде ақын бейнесі перформанс жанрында көрсетілді. Яғни ұлттық киімде, қазақы болмыс пен терең ойдың иесі ретінде бейнеленді. Балалар өз туындыларында ақынның рухани әлемін, даналық пен адамгершілік идеясын көркем тілмен ашуға тырысты. Көрермен ұлы тұлғаның рухани бейнесімен жаңаша жүздесті.
Элина Әбдіразақова, жас суретші:
- Маған бұл жұмыс өте қиын болды. Адамның бет-әлпетін салу оңай емес. Абай атамыз сияқты тұлғаның бейнесін шынайы жеткізу үшін шығармашылығымды одан әрі дамытқым келеді.
Ғалия Иманбекова, оқушылар сарайы директорының орынбасары:
- Бұл көрмеде туған жеріне деген, отбасына деген патриоттық сезім сондай бір шығармашылық жұмыстар көрсетілген және де бір ерекшелігі Абай атамыздың портреттік суреттері. Ол қалай шабыт келген? Әбілқан Қастеев деген біздің атақты суретшіміз бар. Сол суретшінің жұмыстарын көріп, талқылап, өздеріне сондай бір ой келді атамыздың бір портрет-суреттерін салсақ деген. Өздерінің сол балалық бір сезімімен.