What are you looking for?

Айқын мен Жұлдыз Парижге романтикалық саяхатқа аттанды (видео)

11.03.2025

Қазақстан шоу-бизнесіндегі танымал жұп Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали романтикалық саяхатқа аттанды. Әнші Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде Парижде түскен суреттері мен видеоларын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айқын Парижге сапарын жұбайы Жұлдыздың туған күніне орайластырған.

"Біз жететін жерімізге жеттік, бұл қай десеңіз – бұл міне, Эйфель мұнарасы, жаным. Туған күнің құтты болсын. Қандай үлкен, алыстан қарасаң кішкентай сияқты. Бұйырса ертең екінші қабатындағы мейрамханасына барамыз", — деп атақты мұнараны көрсетті Айқын Төлепберген.

Жұлдыз Өмірғали бұл қалаға алғаш келгенін жасырмады.

"Күнім, алтыным, бәріне рақмет", — деді Жұлдыз Айқынға.

Сондай-ақ кадрлардан Жұлдыз Өмірғалидің имиджіндегі өзгерісті байқауға болады, әнші шашын қысқартып, өзге түске боятқан.

Social Link

Follow Me On Social Media