Алматыдағы тұрғын үй кешенінен бүгін таңертең әйелдің денесі табылды. Ол 18-қабаттан құлаған болуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға шамамен таңғы сағат 6:30-да болған. Алдын ала мәліметтер бойынша қаза тапқан әйелдің жасы 25 пен 35 аралығында.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі бұл оқиғаға байланысты Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
"Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", – деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!