What are you looking for?

VIII шақырылымдағы Парламенттің төртінші сессиясы ашылды

02.09.2025

Бүгін Палаталардың бірлескен отырысында VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шараға Парламенттің қос палатасының спикерлері мен депутаттары, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері, Мемлекеттік кеңесші, Конституциялық сот пен Жоғарғы сот төрағалары, Президент Әкімшілігінің, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың басшылығы қатысқан.

Айта кетейік, 28 тамыз күні Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media