Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Іздеуге біз бастамашылық жасамадық. Сіздер құзіретті органдарға жүгінгендеріңіз жөн. Иә, іздеу жарияланды, іздеудегі адамдардың тізімінде бар. Бұл мәселені бастамашымен бірге шешеміз, — деді миинстр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Осы орайда Ержан Сәденов экс-шенеунікке қандай баппен іздеу жарияланғаны туралы мәліметті нақтылаған жоқ.