What are you looking for?

Түркістан оқушылары сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты

18.09.2025

Енді Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру ұйымында оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Бұл бастаманы Түркістан қалалық білім бөлімі қолға алып, "Смартфонсыз мектеп" жобасын ұсынды. Ұсынысқа ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалар ерікті түрде келісім беріп, құптап отыр. Мектеп қабырғасына келген әр сыныптағы оқушыларға бөлек телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқушылардың смартфон ұстауына неге шектеу қойылатынын түсіндірген болатын.

"Ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде осындай шешім қабылданып отыр. Тағы қайталап айтамын, бұл – сабақ барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты заң. Алайда сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады. Мектеп негізінен саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сондықтан оқушылар сабақтың барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Бұл – тек сабақ барысындағы шектеу", — деген еді министр.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басты мақсат – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету. Сондай-ақ бір-біріне деген қарым-қатынасты жақсартып, бос уақытты тиімді пайдалана білу.

Смартфонсыз мектеп
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Міне, осындай нақты ережелер мен бақылау шараларын енгізу смартфондардың білім беру ортасына тигізетін зиянын азайтып, сапалы білім мен тәрбиеге назар аударуға орасан ықпал етпек. Бір қарағанда қарапайым мәселе боп көрінгенімен, бұл жоба болашақ ұрпақ үшін өте маңызды қадам!

Смартфонсыз мектеп
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ендеше, әрбір баланың өз елінің саналы, білімді азаматы боп қалыптасуы үшін сіздер де осы бастамаға барынша қолдау білдіріп, бөлісе жүріңіздер!

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media