What are you looking for?

Министр ата-аналарға соңғы қоңырауға байланысты үндеу жасады

12.03.2025

Биыл елде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді, ауыспайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр ата-аналарға мектептегі салтанатты шарада шамадан тыс шашылмауға шақырып, балаларды да ысырапқа үйретпеуге шақырды.

"Балаларымызды ақшаны қажетсіз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Мектеп — тәрбиенің ортасы, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Ата-аналар болып мейрамхана мен кафелерді ұйымдастырып жүрсек, онда қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемшіл болуымыз қажет. Барлық қаражатты балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс", – деді Бейсембаев Мәжіліс дәлізінде.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтетіні хабарланды. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады.

III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10 оқу аптасына созылады.

IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media