Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинағын бірнеше мақсатта пайдалана алуы мүмкін. Мұндай бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады.
Жоба зейнетақы жинағын пайдалану мүмкіндігін кеңейтуді көздейді. Оларды мынадай мақсаттарға пайдалануға рұқсат беру ұсынылып отыр:
- тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу;
- ай сайынғы төлемді азайту;
- несиенің мерзімін қысқарту.
Министрлік мәліметінше, өзгерістің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!