What are you looking for?

Қазақстан - Сиань терминалынан 150 мың тонна жүк жөнелтілген

05.03.2025

Қытайдағы «Қазақстан — Сиань» терминалы іске қосылғалы бері 150 мың тоннадан астам жүк жөнелтілді.

Логистикалық орталықтың жұмыс істеп тұрғанына биыл тура 1 жыл болды. Құрғақ порт аз ғана уақыт ішінде екі ел арасындағы сауда-саттықтың артуына көмектесті. Кедендік рәсімдер жеделдеп, шығындар айтарлықтай азайды. Жүк тасымалы ұлғайды. Статистикаға сүйенсек, екі ел арасындағы теміржол арқылы тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асқан. Транзит көлемі де көбейді. Биыл Сиань порты Қазақстанмен әріптестік аясында Сиань-Ташкент бағытында алғашқы жүрдек пойызды іске қосты. Нәтижесінде екі шаһар арасындағы жол оннан алты күнге дейін қысқарды. Былтыр Сиань портынан Орталық Азия елдеріне 76 мыңнан астам контейнер жөнелтілген. Бұл 2023 жылға қарағанда 47 пайызға көп.

Social Link

Follow Me On Social Media