What are you looking for?

ШҚО-дағы шалғай аудандарда аурухананың бәрі ескірген

12.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Шығыс Қазақстан облысындағы шалғай аудандарда медициналық мекемелердің көбі ескі. Зайсан аудандық ауруханасының салынғанына 50 жылдан асса да, бүгінге дейін бірде-бір рет толық жөнделмеген. Бұл науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге де кедергісін келтіреді. Өңірдегі медициналық мекемелердің жалпы материалдық жағдайын тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты.

Жөндеу болмағандықтан есік шұрық тесік. Әсіресе хирургия бөлімі тозып тұр. Медицина қызметкерлері жыл сайын әрлеп-сырлаумен әлек.

Палаталардың төбесі мен қабырғасы сылап-сырлаған сайын қалыңдап, одан соң орнымен опырылып, түсіп жатыр.

Хафиза Мусина, Зайсан қаласының тұрғыны:

Осыларды жөндесе? Кейін біз кетсек те басқа бір аурулар келеді ғой. Мынаның төбесі құлауға шақ қана тұр. Осының бәрі күрделі жөндеуден өткізіп берсе?

Күрделі жөндеуден өткізу үшін құжат түзудің күрмеуі көп.Дегенмен былтыр аурухананың шатыры толық жаңартылған.Биыл жұқпалы аурулар бөлімін жөндеу үшін құжаты дайындалып, жоба жоспары жасалып жатыр. Алайда 1972-жылы салынған аурухананың басқа бөліктерін де жаңғырту керек.

Шәкизат Жақыпбаева, Зайсан аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Клиникалық диагностика, осы хирургия бөліміне жансақтау бөліміне күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге, сметалық құжатын өзіміздің қаражатқа дайындап жатырмыз. Енді ол ары қарай дайын болғаннан кейін экспертизаға жібереміз.

Қаратал ауылындағы шағын емхана да талапқа сай келмейді. Бұрынғы балабақшаның ғимаратында жиырмаға жуық медицина маманы 5-6 бөлмеде халыққа қызмет көрсетіп отыр. Ауылдық емханада қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар.

Құралай Сағдолдина, Қаратал ауылдық амбулаториясының меңгерушісі:

Біз ескі болғандықтан әр кабинетті медициналық жабдықтармен жабдықтап, халыққа көмек көрсетудеміз. Міне көздеріңіз көріп тұрғандай дәліздің бәрі қысқа. Кабинеттердің барлығы тарлау. Сондықтан бізге жаңадан амбулатория салып ертерек бітіріп беруін қалаймыз.

Облыста жалпы 364 денсаулық сақтау нысаны бар. Былтыр 7 ғимарат жаңартылды. Ол үшін тек облыстық бюджеттен 2 млрд 500 млн теңге бөлінді. Биыл 15 нысанды жөндеуге 3 млрд 300 млн теңге қарастырылмақ. Қазір өңірде 65 медициналық мекеме шұғыл жөнделуі тиіс. Оған 14 млрд-қа жуық теңге керек. Ал Зайсан аудандық ауруханасын толық жөндеу жоспарға да енбеген.

Айнаш Қапанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Зайсан ауданы хирургя бөлміне ақпаратты айта алмаймын. Бірақ құжат келіп түсетін болса оны қарастырамыз. 2025 жылға сол жұқпалы аурулар ауруханасы күрделі жөндеуден өткізіледі.

Медициналық мекемелерді жаңғыртудың 2034 жылға дейін өңірлік бағдарламасы жасалды. Сол жоспарға сәйкес аурухана мен емханалар жөнделеді. Әуелі шеттегі шекарадағы ауылдарға амбулаториялар жаңадан салынады.

Олжас Керейхан

Social Link

Follow Me On Social Media