What are you looking for?

Робот-полицей

06.12.2025

Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында жасанды интеллектімен жабдықталған Хансин-1 атты полиция роботы қызметке кірісті.


Ол жол қиылысында тұрып, тәр­тіпті бақылайды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ережені бұзса, робот дабыл қағып, ескерту жасайды. Хансин-1 қозғалысы жол полиция­сы қызметкерлерінің қимылдарына не­гізделген. Бағдаршамның түстеріне қарай жұмыс тәртібін автоматты түрде өзгерте алады. Мамандар мұндай «ақылды инспекторлар» болашақта полицейлердің жұмысын жеңілдетіп, мегаполистердегі қозғалысты барынша қауіпсіз әрі тәртіпті етуге көмектесетінін айтады.

Social Link

Follow Me On Social Media