What are you looking for?

Алматыда заңсыз салынған базар сүріле бастады

18.12.2025

Алматыда заңсыз салынған базар сот шешіміне сәйкес сүріліп жатыр. Базар Рысқұлов даңғылында орналасқан. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда Рысқұлов даңғылы, 420 мекенжайында орналасқан "Үміт" базары сүріліп жатыр.

Әкімдік мәліметінше, бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне тиісті құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

Базарды сүру жұмыстары. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"2025 жылы 22 шілдеде басқарма аталған нысанды сүру туралы талап-арызды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады. 2025 жылы 27 тамызда сот басқарманың талабын қанағаттандырды. Сот шешімін орындау аясында меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзуды бастады", — делінген ресми хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media