What are you looking for?

ЕДБ: Қазақстан экономикасы 5,4% артты

14.03.2025

Ел экономикасы 5,4%-ке артты, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жайлы Еуразия даму банкі хабарлады. Әсіресе, өнеркәсіп өндірісі өркен жайып, қарыштап келеді. Қаржы ұйымы қазақстандық алыс-берістің жыл санап жоғарылап келе жатқанын жазып, 2028-2029 жылдары табысты елдер қатарына кіреді деген болжам жасады. Өзге елдерде де бұл көрсеткіш ұлғайған. Мәселен, Қырғызстанда жалпы ішкі өнім 10,6%-ке, Арменияда 7,1%-ке, Беларусьта 3,7%-ке өскен. Ал Ресейде, керісінше, экономикалық белсенділіктің бәсеңдеу белгілері байқалды. Даму динамикасы 3%-ке ғана артқан. Жалпы банкке мүше мемлекеттердің экономикасы 4,3%-ке өсті.

ЕДБ мүше мемлекеттер – 4,3%

Қазақстан – 5,4%

Қырғызстан – 10,6%

Армения – 7,1%

Беларусь – 3,7%

Ресей – 3%

Social Link

Follow Me On Social Media