Газа секторындағы 2 мың науқас бала Иорданияға көшіріліп , ауруханаға жатқызылды.
Олардың жағдайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері мен иорданиялық дәрігерлер жіті бақылайды. Жалпы бұл ауыр халдегі науқастарды эвакуациялаудың алғашқы легі. Олар қажетті ем-дом шараларын қабылдап болғаннан кейін Газаға кері қайтарылады.