Бүгін 2 мыңға жуық алматылық «Көктөбедегі» көрісу күніне жиналып, бірін бірі көктемнің келуімен құттықтады.
Дәстүрге сай бұл мерейлі күні адамдар жылы жүздесіп, қол алысып, қауышады. Үлкендерге құрмет көрсетіп, батасын алады, сондай ақ жақсылық пен молшылық тілеседі. Мерекеде театрландырылған концерт ұйымдастырылды. Эстрада әншілері әуезді әндерін шырқады. Сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері өнер көрсетті. Айта кетейік, Алматыда 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі аясында 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланған.
Роза Рымбаева, Қазақстанның халық артисі:
- Шын жүректен әз Наурызымызбен, жаңа жыл,жаңа күнімізбен құттықтаймын. Наурыз мерекесі елімізге береке, бірлік әкелсін. Жерімізге көп астық әкелсін, ақ мол болсын.