Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды . Саяси реформалар жан-жақты өзгерістер жасауға мүмкіндік берді.
Жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға түзетулер енгізілді. Парламенттің құзыры кеңейді, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Кеше Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент осы мәселеге жан-жақты тоқталып, атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Жергілікті билік түбегейлі жаңғыртылды. Үш жылдан астам уақыт ішінде ауыл әкімдерінің 72%-і жаңарды. «Бір сөзбен айтсақ, аймақтардағы атқарушы билікке жаңа адамдар келіп жатыр», - деді. Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Нұрлан Әуесбаевтан сұрап білейік.
1. Аудан әкімдерін халық тікелей сайлайтын жүйе енгізілді. Бірақ бұл реформаның тиімділігіне кепіл бар ма? Әкімдерді сайлау олардың есептілігін арттырып, жергілікті биліктің шынайы халық мүддесіне жұмыс істеуін қамтамасыз ете ме, әлде бұл жай ғана символикалық өзгеріс болып қалуы мүмкін бе?
2. Әлеуметтік желілердегі тәртіпсіздік мәселесін жүйелеу қажеттігі айтылды. Бірақ бұл цензураға ұласып кетпей ме? Қоғамда пікір алуандығы сақтала ма, әлде қатаң бақылау күшейіп, еркін ақпарат алмасу шектеле ме?
3. Сіз осы Ұлттық құрылтайда «Оңтүстіктен солтүстікке» бағдарламасын сөз еттіңіз. Бұл көш неге баяу?
Спикер: Нұрлан Әуесбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі.