What are you looking for?

Қоғамдық орындарда тауар сатып жүретіндерге жаза бар ма?

17.03.2025

Қоғамдық орындарда тауар сату, бал ашу, қайыр сұрау үшін жүретін адамдар жиі байқалады. Бұл үшін жауапкершілік бар ма? Massaget.kz тілшісі зерттеді.

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамдарды мазалап, тауар сату, бал ашу, қайыр сұрау — әкімшілік құқықбұзушылық.

Мазалауға не жатады?

  • Тауарлар мен қызметтерді сатуға тырысу: көшеде, аялдамаларда, қоғамдық орындарда заңсыз сауда жасау, гүл, сувенир, діни атрибуттар немесе басқа да заттарды сатуға тырысу.
  • Қайыр сұрау: көше, қоғамдық көлік, сауда орталықтары немесе дүкендер маңында адамдардан ақша сұрау. Әсіресе, мұны балалар немесе мүмкіндігі шектеулі адамдарды пайдаланып ұйымдасқан түрде жасау жиі кездеседі.
  • Бал ашу және басқа да қызметтер ұсыну: көшеде, базарларда, қоғамдық орындарда адамдарға өз еркінен тыс бал ашып беру, "қарғыстан тазартамын" деп ақша талап ету.

Мұндай әрекеттерге қандай жауапкершілік қарастырылған?

Қазақстанда мұндай әрекеттер әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қарастырылады:

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда адамдарды мазалағаны үшін ескерту беріледі немесе 5 АЕК(19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media