What are you looking for?

Қарағанды облысында биыл 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

17.03.2025

Қарағанды облысында биыл 17 инвестициялық жоба жүзеге асырылады.

Оның жалпы құны 146 миллиард теңге. Нәтижесінде 2700 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аталған жобалар аясында мырышталған металл бұйымдары мен болат құбырлар шығаратын зауыт іске қосылмақ.

Арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын – диаметрі үлкен гофрленген құбыр шығаратын елдегі жалғыз зауыт. Өнім негізінен Оңтүстік Корея мен Сауд Арабиясынан алынған берік полипропиленнен жасалады. Оған қай-қай салада да сұраныс жоғары. Тіпті кейбір шаруа қожалықтары жер астымен су тарту үшін де қолданады. Ал жергілікті билік тасқынға қарсы жұмыстарда кәдеге жаратып жатыр.

Александр Иванов, зауыт директоры:

- Осы құбырларды су басқан аумақты кептіру үшін дренаж жүйесіне пайдаланады. Былтыр тасқын кезінде көп өнім саттық. Одан бөлек кәріз жүйесіне де қолданылады.

Зауыт жұмысы автоматтандырылған. Қазір өндірісте 80 адам еңбек етіп жүр. Дайындалған өнім берік әрі 100 жылға дейін қолдануға болады, дейді кәсіпорын директорының орынбасары Әділет Сәбитов.

Әділет Сәбитов, зауыт директорының орынбасары:

- Жасалатын диаметрлер 100 мм-ден 1000 мм-ге дейін жасалады. СН8 және СН16 мықтылығына дейін жасалады трубалар. Бұларды бүкіл Қазақстан өңірлеріне, одан басқа Қырғызстан, Ресей өңірлеріне біз жеткізіп салып отырамыз.

Өңірде жыл сайын өнеркәсіп орындары көбейіп келеді. Биыл 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Соның арқасында 2700 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылады.

Асланбек Шығыр, Лиана Жамлиханова, Сайран Акамбаев, Аман Хамит

Social Link

Follow Me On Social Media