What are you looking for?

«Самұрық-Қазына» АҚ: Биыл 7 ірі инвестициялық жоба аяқталады

17.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Былтыр «Самұрық-Қазына» отандық тауар өндірушілермен 1,1 триллион теңгеге офтейк-келісімшарттар жасаған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Президент қабылдауында болған басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов осылай деді. Ол қазір компаниялар тобының инвестициялық портфелінде 100 миллиард доллардан асатын 130 жоба барын айтты. Биыл 7 ірі инвестициялық жоба аяқталмақ. Олардың қатарында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол желісі мен Алматы айналма теміржолын салу, Ақтау портының базасында контейнерлік хаб құру сияқты жобалар бар. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазынаның» тиімділігі мен активтер құнын арттыру жұмысын жалғастыру маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ұлттық экономиканың болашағына тікелей әсер ететін негізгі инфрақұрылымдық жобаларды сапалы іске асыру аса маңызды деді.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media