Израиль ХАМАС-қа қарсы әскери операциясын қайта бастады. Олар Газа секторына шабуыл жасап, салдарынан 15 адам мерт болды. Бұл туралы Палестинаның қорғаныс қызметі хабарлады.
Израиль тарапы аймақты әуеден 35 мәрте атқылаған. Бұған дейін Израиль премьер-министрінің кеңсесі қорғаныс күштеріне Газа секторына соққы беру туралы бұйрық берген. Олардың бұлай әрекет етуіне ХАМАС-тың тұтқындарды босатудан бас тартуы себеп. АҚШ қақтығысты тоқтату туралы бітімнің бірінші кезеңін сәуір айының ортасына дейін ұзартуды ұсынды. Келісім күшіне енсе, тараптар тұтқын алмасуды қайтадан жалғастырады.