What are you looking for?

326 жол учаскесі бойынша тасқын қаупі бар

18.03.2025

Биыл республикалық маңызы бар автожолдарда жалпы ұзындығы 96,5 км болатын 326 су тасқыны қаупі бар учаске анықталған, деп жазады Egemen.kz.

Су тасқыны қаупі бар учаскелер 9 өңірде анықталды:

Ақмола (40 учаске), Қостанай (37 учаске), Солтүстік Қазақстан (35 учаске), Ақтөбе (31 учаске), Алматы (29 учаске), Қарағанды (25 учаске), Атырау (24 учаске), Шығыс Қазақстан (22 учаске), Абай (22 учаске) облыстарында еріген қар суларының тасуы және жол жабындысына зақым келтіру қаупі бар.

Көктемгі қар суларының өтуін қамтамасыз ету және су тасқынының жол бетіне жайылуын болдырмау үшін су өткізгіш құбырларды тазалау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бүгінде 8 891 құбырдың 7 294-і (жоспардың 82%) тазаланып, ашылды.

Құм – 24,1 мың м3, ҚШҚ (құм-шағыл қоспасы) – 38,6 мың м3, тас – 15,8 мың м3 және қаптар – 303 мың. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезеңінде қысқы кезеңнен қалған 150 мың м3-ден астам құм мен ұнтақ қосымша пайдаланылатын болады.