Нарық тетіктері негізінде мемлекеттік қаржы тұрақтылығы мен экономиканың өсу сапасын арттыруға баса назар аударылады.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысында айтты. Жиында макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие және фискалдық саясат тетіктері де талқыланды. Сондай-ақ бюджеттік ережелердің сақталуы, экономиканы қаржыландырудағы жеке сектордың рөлі және саладағы жүйелі тәуекелдерді төмендету бойынша ұсыныстар тыңдалды.
Айта кету керек, бұл шаралардың дұрыс іске асуы – Президент Жолдауында берілген тапсырмаларды қамтиды.