0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Қостанай облысының Рудный қаласында 120 отбасы баспаналы болды. Олар негізінен тұрғын-үй кезегінде тұрған әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтың өкілдері. Жаңадан бой көтерген «Әйет» және «Тобыл» кешендерінің жалпы аумағы 12 мың шаршы метр. Бұлар Рудный қаласында соңғы 30 жылда, іргетасынан бастап салынған алғашқы көпқабатты үйлер. Наурыз айының соңына дейін шағын шаһарда тағы 200 пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр.
Шолпан Көлпейісова, Рудный қаласының тұрғыны:
Отбасымыз үлкен. 5 балам бар. Үш жыл кезекте тұрдық. Кеше қоңырау шалып үй аласыңдар деп айтты. Қуаныштымыз. Соңғы жылдары көп адамдар үй алды. Көп үйлер салынды. Өте жақсы.
Дәуренбек Әбдібек