Газа секторында ХАМАС басшыларының бірі – ұйым үкіметінің премьер-министрі саналатын Иссам ад-Даалис қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Ол Израиль әскерінің шабуылы кезінде көз жұмған. Тиісті ақпаратты ХАМАС мүшелері растады. Екі айға жалғасқан бітімнен кейін еврей елі бүгін түнде Газадағы әскери операциясын қайта бастады. Олар түпкі мақсаты өңірде талқандау емес, палестиналық ұйымға тиесілі нысандарды соққылау екенін айтады. Шабуылдарды қайта бастауына ХАМАС-тың тұтқындарды босатудан бас тартуы себеп болғанын да жария етті. Ал ақпарат құралдары атыс-шабыстан бейбіт тұрғындардың да көз жұмғанын хабарлайды. Соңғы мәлімет бойынша Израиль әскерінің шабуылынан кейінгі бір күнде Газада 400-ден аса адам қайтыс болды.