What are you looking for?

Каспийдегі итбалықтарға әуеден шолу жасалды

19.03.2025

Таяуда Каспийдегі итбалықтардың кейбіреуі теңізден алыстап кеткенін көрсеткен едік.

Соған байланысты жағалауда ара-тұра баықлау жүргізіліп тұрады. Бұл жолы инспекторлар әуеден шолу жасады. Олар мемлекеттік табиғи резерват аумағын, Дурнев аралы, Қаражанбас және Қаламқас кен орындарын тікұшақпен барлап қайтты.

Ал Құлалы аралына қайықпен барған. Ол жерде дронның көмегімен 400-дей итбалық санаған. Бұл итбалықтардың басым көпшілігі — таяуда күшіктеген аналықтар екен.

Қонарбай Базарбаев, өңірлік балық инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- Президентіміздің тапсырмасымен құрылған Каспий итбалығы деген резерваттың аумағында мұз үстінен жобамен 130-150 аралығында итбалықтар саналды. Басым бөлігі күшіктері. Сивар деп айтылады. Бірінші туылғанда олар белок болады. Ақкүшік, сұркүшік деп айтылады қазақша. Маңғышлақ архипелагы, Құлалы, Морской деген аралдар аймағында қызметтік дронмен де мониторинг жүргізілді.

Social Link

Follow Me On Social Media