What are you looking for?

Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсететін Астанадағы бокс кешін қай телеарна көрсететіні белгілі болды

19.03.2025

Жәнібек Әлімханұлы өнер көрсететін Астанадағы кәсіпқой бокс кеші қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform .

Агенттіктің жазуынша, 5 сәуірде елордадағы "Барыс Аренада" болатын бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Сондай-ақ бұл шараны әлем жұртшылығы белгілі ESPN спорт каналы арқылы тамашалай алады.

Бокс кешінде өзге де қазақстандық спортшылар сынға түседі деп күтіліп отыр. Атап айтқанда, жанкүйерлер Сұлтан Зауырбек пен Азинга Фузиле, Батыр Жүкембаев пен Кейн Гарднер, Балауса Мұздиман мен Розалинда Родригес арасындағы жекпе-жектерді көре алады.

Сондай-ақ аталған бокс кешінде шаршы алаңға бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандар шығады. Олар кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек.

Сонымен қатар осы кеште Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов та кәсіпқой бокстағы шеберлігін көрсетпек.

Social Link

Follow Me On Social Media