What are you looking for?

Е.Қошанов: Әкімдердің құзыреті мен өкілеттігін кеңейту керек

19.03.2025

Бүгінде тұрғындар тарапынан, сайланған әкімдерге деген сенім анағұрлым артты.

Жергілікті билік пен қоғам, мәселелерді бірлесіп шешуге қол жеткізді. Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Ол сайлаудың қалыпты әрі үйреншікті жағдайға айналғанын айтты. Бұл тұста Мәжіліс төрағасы, сайланған әкімдердің құзыреті мен өкілеттігін және қаржылылық мүмкіндіктерін кеңейту керек, деді.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Егемендік тарихында тұңғыш рет елімізде аудан мен ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Бұл қадам мемлекеттік аппараттың жұмысына жан бітірді. Қарапайым азаматтар үшін сайланбалы қызметтерге жол ашылды. Мұның өзі жергілікті жердегі саяси өмірді жандандырып, азаматтардың шешім қабылдау ісіне белсене араласуына кең мүмкіндік берді. Ендігі кезекте сайланған әкімдердің құзіреті мен өкілеттігін, қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту керек. Алдымызда оларды заңмен, бюджетпен жұмыс істеуге бейімдеу, оқыту міндеті тұр.

Social Link

Follow Me On Social Media