What are you looking for?

Шығыс-Жезқазған кенішінде қайғылы оқиға болды

19.03.2025

Жазатайым оқиға өндірісте бүгін болған, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақмыс» компаниясының мәліметінше, Ұлытау облысындағы Шығыс-Жезқазған кенішінде 19 наурызда №57 шахтада тауарлық-материалдық құндылықтарды түсіру кезінде 1994 жылғы жұмысшы жүк оқпаны алаңындағы саңылауға құлап кетіп, алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болған.

Қазіргі уақытта себебі анықталып жатыр, оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылған.

«Компания басшылығы мен ұжымы марқұмның жақындарына көңіл айтады. Қаза тапқан жұмыскердің отбасына ұжымдық шартта қарастырылған барлық қажетті көмек көрсетіледі, оның ішіне жерлеу шығындары да кіреді», делінген «Қазақмыс» хабарламасында.

Social Link

Follow Me On Social Media