Нью-Йорктегі тауар биржасында бағалы металдың бір унциясының құны 3050 доллардан асып түскен. Алтын бұрын-соңды бұлай қымбаттаған емес. Білікті қаржыгерлер бағаның өсуін Израиль мен Палестина, сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы ахуалдың шиеленісуімен байланыстырады.
Жаһандық экономикалық өсім де баяулаған. Дональд Трамп болса АҚШ-тың сыртқы сауда саясатының бағытын өзгертті. Сырттан келетін тауарға салынатын салықты көбейтті. Инвесторлар бұған қатты алаңдаулы. «Сондықтан сенімді инвестиция көзі ретінде олар артық ақшаларына алтын сатып алуды жөн көреді», – дейді сарапшылар.