What are you looking for?

"Өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз": Бас мүфти Қазақстандағы ЛГБТ-ға қатысты пікір білдірді

19.03.2025

Қазақстанның Бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстандағы ЛГБТ-ға қатысты пікір білдіріп, мұны "ұят" әрі "үлкен күнә" екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ол Turkistan телеарнасына берген сұқбатында айтты.

"ЛГБТ ата-баба жолына қарсы дүние! Әлемде демократиялық моральдық принципін жамылған идеяологиялар белең алуда.

Біз ешқашан өзгенің таным-түсінігімен өмір сүре алмаймыз. Сондықтан батыс елдерінен келген ЛГБТ және оған қатысты барлық жат түсініктер біздің асыл дінімізге де, ата салтымызға да қайшы деп білеміз.

Абдулла ибн Аббас (Алла оған разы болсын): "Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты",– деген.

Ендеше мұндай арсыздықтың алдын алуға және одан сақтануға шақырамыз", — деді ол.

Social Link

Follow Me On Social Media