What are you looking for?

Астана тұрғыны көлік жөндеу орталығында арыстанның күшігін асыраған

19.03.2025

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз асыраған арыстанның күшігін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Астанадағы ТҚС-лардың бірінің қосалқы бөлмесінен арыстанның күшігі табылды. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін анықтады. 27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды ТҚС-ның қосалқы бөлмесінде ұстаған", — делінген хабарламада.

Басылымның жазуынша, қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарларды заңсыз ұстау бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media