What are you looking for?

Елордадағы мектепте ұлттық ойындарға арналған спорт залы ашылды

19.03.2025

Әз-Наурыз қарсаңында елордадағы білім ұясында ұлттық ойындарға арналған спорт залы ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Игі бастама Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп лицейі қабырғасында жүзеге асты.

Бұл қалалық әкімдік пен «Толағай» Ұлттық спорт федерациясының бірлескен жобасы. «Басты мақсат – көкөрімдерді салауатты өмір салтына баулып, төл спортымызға қызығушылығын арттыру», – дейді ұйымдастырушылар. Жаңа залдың ашылу салтанатына Мәжіліс депутаттары мен жастар жиылды. Аға буын ұлттық спорттың мән-маңызын келешек ұрпаққа түсіндіріп, шеберлік сабағын өткізді. Оқушылар да іркіліп қалмай, ұлттық спорт түрлерінен кім мықтыны анықтады.

Жангелді Әмірғалиев, Астана қаласы әкімдігі әдістемелік орталық басшысының орынбасары:

- Жоба барысында балаларды ептілікке, күштілікке бағытталған және де бұл Ұлттық спорт федерациясынан келген әріптесіміз бірінші жоба болғандықтан, ақысыз негізде енгізіліп. Сондықтан бірден білім басқармасы қолдап кеттік.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір мектептерді ашқанда міндетті түрде спорт залы болады ғой. Футболы болады, волейболы болады. Ал бірақ қазақтың ұлттық спортына бөлінетін зал болмайды. Біз енді көтеріп жатырмыз мәселені. Кез келген мектепті осындай спорт залдарын ашқан кезде ұлттық спортқа зал ашылуы керек. Ұлттық спорт далада жетім қалмауы керек.

Social Link

Follow Me On Social Media