What are you looking for?

Мемлекеттік қызметті дамытудың перспективалары талқыланды

19.03.2025

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Сервистік және клиентке бағдарланған қағидаттар негізінде мемлекеттік қызметті дамытудың болашақтағы мүмкіндіктері» тақырыбындағы көшпелі отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараға Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Имашева, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Көшпелі отырыста Дархан Жазықбай Президенттің тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қызмет жүйесін кешенді жаңғырту мақсатында жүзеге асырылып жатқан Агенттіктің бастамаларына тоқталды. Ол азаматтардың сұраныстарына жауап беретін сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды одан әрі заңнамалық тұрғыдан жетілдіру барысы туралы айтты.

Ее

Агенттік төрағасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа Заң жобасы қазіргідей тек еңбек қатынастарын яғни, мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және оны тоқтату мәселелерін реттеумен шектелмей, ең бастысы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының адамға бағдарланған үлгісін бекітуді көздейтінін атап өтті.

Жаңа Заң жобасында меритократия қағидаттарын ілгерілету, бос лауазымдарға іріктеу мен тағайындаудың ашықтығын қамтамасыз ету, таланттарды іздеу және жастарды мемлекеттік қызметке ерте кәсіптік бағдарлау, қызметшілерді кәсіби дамытудың жаңа тетіктерін енгізу жоспарлары қарастырылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі институционалдық сабақтастықты нығайту, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту шаралары да қамтылған.

Дархан Жазықбай бағалау, оқыту және тағылымдама нәтижелерін ескере отырып, бір лауазым шеңберінде «Б» корпусы қызметшілеріне класс тағайындау арқылы көлденең өсу тетігі енгізілетінін атап өтті. Заң жобасында мемлекеттің қызметтегі кадрлық іріктеуді едәуір кеңейту үшін ішкі конкурстарды алып тастау көзделіп отыр.

Пп

Іс-шарада мемлекеттік қызметшілерге мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау қажеттілігі туындаған жағдайда жауапкершілікпен басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін нормаларды Заң жобасына енгізу мақсаты қойылғаны айтылды.

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің кәсібилігін шыңдаудың негізгі тәсілдерін, кадр саясатының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

Мәжіліс депутаттары жаңа Заң жобасына қатысты нақты ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салып, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру заман талабы екеніне назар аударды.

Сонымен қатар, көшпелі отырыс аясында депутаттар «eQyzmet» жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен танысты. Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа онлайн жүйесі үміткерлер өзіне қолайлы кез-келген уақытта конкурстық іріктеудің тесттерін тапсыруға мүмкіндік берді. Тиімділігін көрсеткен жаңа іріктеу форматына жыл соңына дейін еліміздегі барлық мемлекеттік органдар қосылады.

Ішкі кадрлық процестерді цифрландыру, яғни қызметке қабылдаудан бастап, оны өткеру, еңбек демалыстарына жіберу және өзге де қызметтік өтініштерді автоматтандыру жұмысы таныстырылды. Бұл кадрлық құжат айналымындағы қағазбастылықтан арылып, құжаттарды рәсімдеу тәртібін жеңілдетті. Электрондық жеке істер негізінде «А» корпусы мен саяси лауазымдарға тәжірибесі мен біліктілігі сай кандидаттардың тізбесін жасақтап, мемлекеттік қызметшілер рейтингін қалыптастаратын жаңа цифрлық шешімнің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттарына мемлекеттік қызметтегі кадрлардың коммуникациялық дағдыларын шыңдайтын озық инновациялық технологиялармен жабдықталған арнайы медиа-студияның қызметі көрсетілді.

Social Link

Follow Me On Social Media