What are you looking for?

Қазгидромет 6 қаланың тұрғындарына ескерту жасады

20.03.2025

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"20 наурызда Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", — деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 20, 21, 22 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Солтүстік өңірлерге суық антициклон ығыса бастайды. 21 наурызда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ болады, боран соғып, жел күшейеді. Антициклон Қазақстанның оңтүстігіне де әсер етеді, сондықтан жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media