Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл мейрам еліміздің ертеден келе жатқан ұлттық ойындарын насихаттауға, салт-дәстүрді ардақтауға және ортақ шаңырақ астындағы барлық адамды дос тұтуға бағытталған.
Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін, тапқырлық пен зияткерлікті қажет қылатын өнер.
Ұлттық ойындар ішінде көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату, аударыспақ сынды спорт түрлері ерекше орын алады.
Бүгінгі наурызнаманың жетінші күні еліміздің әр думанында ұлттық ойындар ойнатылатын болады.