What are you looking for?

Қазақстанның үш қаласында тұрғындарға ескерту жасалды

22.03.2025

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2025 жылғы 22 наурызда Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media